Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та танымал модельді зорлап, өлтіріп кетті (фото)

Нью-Йоркте америкалық фитнес-модель Карина Ветраноны қалалық саябақтардың бірінде зорлап, сосын өлтіріп кеткен.

ca9c0404-000a-47ac-8548-fda47409230b

Фото: karinavee.com

Карина Ветранов 2 тамыз күні Ұлттық саябақта жүгіріп жүріп жоғалып кетеді. Әдетте ол әкесімен бірге жүгіретін. Бірақ, сол күні әкесінің арқасы ауырып шыға алмай қалады. Ол қызына жаттығуға бармауын ескерткенімен, модель тыңдамай шығып кеткен.

Әкесінің айтуынша, ол жаттығу кезінде үнемі смартфонмен хат жолдап отырған. Кенет сол күні жауап қайтармай, сосын мүлде үйге оралмай қалады. Ер адам полицияға хабар беріп, іздеу басталған. Әкесі күнделікті жүгіретін бағыттарын тәртіп сақшыларына мұқият баяндап береді.

f2031b5d-b5fb-4e6f-a7ee-499920f33240

Оның өлі денесі жүгіру жолағынан бірнеше метр жерден табылған. Оның киімдері жыртылып, дене жарақаттарын алған. Оның қылмыскерлердің діттеген нысанасы болды ма, әлде кездейсоқ құрбандыққа айналды ма, ол жағы белгісіз. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

уу

Каринаның Инстаграмдағы аккаунтына 12 мыңдай адам жазылған. Қазір парақша жабық. Қайғылы оқиғаға байланысты оның достары мен әріптестері жақындарына көңіл айтты.

бьти

Модель қыз арықтаудың жолдарын айтып, әдістермен өз блогында үнемі бөлісіп отырған.

Талқылау