Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та түнгі клубта жойқын атыс болып, 50 адам қаза тапты

АҚШ-тың Орландо қаласында түнгі клубтардың бірінде жойқын атыс болды. Оқыс атыстан қаза тапқандар саны 50 адамға жетті.

C2F3F169-FB5D-45C3-8317-C8002FBF6AB7_w640_r1_s

Сурет EPA

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Ал 53 адам түрлі деңгейдегі жарақат алған, қазір олар аурухаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуына қарағанда, олардың кейбірінің жағдайы ауыр.

Қаскөйдің 29 жастағы Омар Матин есімді жергілікті тұрғын екені анықталды. Оның отбасы Ауғанстаннан көшіп келіпті. Ол бейберекет оқ атып, бірнеше адамды кепілдікке алған. Полиция 3 сағаттық атыстан кейін күдіктіні атып өлтірді.

Билік бұл қылмысты лаңкестік әрекет деп бағалаған. Бірақ жергілікті сипаттағы немесе халықаралық деңгейдегі экстремизм екені әзірге белгісіз. Тергеуі ісіне АҚШ-тың Федералды барлау бюросы да қосылды.

Былтырғы жылы Омар Матин экстремистік ұйымдарға қатысы бар адам ретінде бақылауға алынған екен.

Талқылау