Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та «түтікшеден» әлемдегі алғашқы күшіктер туды

Экстракорпоральдық ұрықтандыру әдісімен өмірге келген әлемдегі алғашқы күшіктерді АҚШ-тағы Корнелльский университетінде суррогат ана дүниеге әкелді.

20151210095519

ЭКО технологиясындағы қол жеткізілген ілгерілеу жойылып бара жатқан ит түрлерін сақтауға жәрдемдеседі.Бигльмен кокер-спаниельді будандастырудан 7 күшік өмірге келді, бұл ретте күшіктердің алты түрлі биологиялық ата-анасы бар.

Мамандардың айтуынша, ит ұрығын қатыруда проблемалар туындаған, қазіргі күні бұл қиындықтар артта қалды. Америкалық эмбриологтар мен ветеринарлар бүгінгі жетістіктің үлкен қадам басу екенін айтты.

Талқылау