Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та супермаркетте жанжал шығарған Владимир Путин тұтқындалды

Флориданың оңтүстігіндегі Уэст-Палм-Бич қаласында есімі Владимир Путин болатын америкалық тұтқынға алынды. Publix супермаркетінің қызметкеріне айқайлаған ол, ғимараттан шығуға қарсылық білдірген.

6ff0c82b-d510-4018-819d-9929a82cfeca

Фото: Palm Beach County Sheriff’s Office

Бұл туралы nbcnews.com хабарлайды.

Жанжал шығарған адамды тыныштандыру үшін дүкен директоры полиция шақырған. GossipExtra сайтының журналисті “Бұл Путин 63 жастағы Ресей президенті емес, 48 жастағы Уэст-Палм-Бичтегі қаңғыбас” деп жазды.

96aa88c4af13461e18c41a4fb901f46e

Америкалық Путинді ұстаған полиция бөтен аумақта заңсыз жүргені үшін және күш қолданбай ұстау кезіндегі көрсеткен қарсылығы үшін оған айып тақты. Ол бастапқыда тәртіп сақшыларына өз есімін айтудан бас тартқан. Сосын полицейлер оны Джон Доу атты жалған есіммен тіркейді. Бірақ, полиция базасында ол Владимир Путин аты-жөнімен тіркелгені мәлім болады. Оның ісі енді қыркүйектің аяғында болатын сот кезінде қаралады.

Талқылау