Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та балалардың қорқынышын басу үшін стоматологтарға ит көмектеседі

Нортбрук қаласындағы балалар клиникасында Джоджо атты ит кішкентай емделушілердің процедура алдында тынышталуына үлес қосады.

a1ad7cd6bcec3b06ad0e2e031595cc44__660x

Суреттер Facebook/JoJo Comfort Dog

Бұл туралы lifenews.ru хабарлайды.

“Біздің жұмысымызда уақыттың көп бөлігі емделушілерді сабырға шақыру мен тыныштандыруға кетеді. Әрине, бұл жағдай көбіне тыныштандырғыш дәрілердің көмегімен реттеліп жатады. Ал біздің ұжымда Джоджо пайда болғаннан бері бәрі оңай әрі көңілді бола бастады. Ит келушілердің қарсы алып, олармен бірге отырады. Балалар бірден тынышталады. Тісі жұлынғанша итке көңілін аударып алаңдай тұрады”, – дейді стоматологиялық клиниканың қызметкері Вероника Рентериа.

000caa9c81f945d985904ee33bb04070__660x

Дәрігердің айтуынша, Джодж көп жұмыс атқарады. Бұрын тіпті көп емделушілер есікті ашудың өзіне қорықса, қазір ол Джодж кездесуді асыға күтеді екен.

bcf4094f6560967b5aa06609daba7aff__660x

Талқылау