Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та соғыс ардагері мектеп аттестатын 97 жасында алды

Филадельфия тұрғыны Чарльз Леуцци орта мектепті аяқтағаны туралы аттеастатқа 97 жасында қол жеткізді. Салтанатты шараға оның балалары, немере, шөберелері келген.

Безымянный

Чарльзға жасөспірім шағында мектепті аяқтауға соғыс кедергі болған. Кейін соғыстан аман-есен оралғаннан кейін де білім алуды жалғастыруда үнемі арман еткен. Бірақ, күйбең тіршілікпен сәті түспеген екен.

“Маған көп жыл күтуге тура келді, бірақ, мен ақыры жеттім”, – дейді ол құжатты алу кезінде көңілі толқып.

Ал әрі қарай колледжге түсіп, білімін жалғастыру туралы сұраққа “Неге оқымасқа? Қазір менде бос уақыт көп” деп жауап берді қария.

Оқи отырыңыз:

АҚШ-та екі жерінен оқ тиген сәби аман қалды

Дәрігерлер жігіттің аяғының башпайын қолына ауыстырып салды (фото)

Қызы телесериалдың арқасында әкесін ажалдан құтқарып қалды

Ер адам жасамаған қылмысы үшін 21 жылдан соң түрмеден ақталып шықты

Талқылау