Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та рэп орындап камераға түсіріп отырған үш жігітті атып кетті (видео)

АҚШ-та үш афроамерикандық жігіт Фейсбукта көлікте отырып рэп орындап, тікелей трансляция жасап жатқан кезде оларға қарсы оқ атылған.

41e5a8b2-6922-42b8-8a78-f1a60b842cda

Оқиға Вирджиния штатындағы Норфолк қаласында болған. Ти Джей Уилльямс есімді жігіт өзінің екі досымен бірге рэп оқығандарын смартфонға түсіріп отырады. Олар көлік салонында отырып әлеуметтік желіде тікелей эфирге де шығып отырған. Осы кезде белгісіз біреулер көлікке қарай оқ ата бастайды.

Видеода атылған оқтың көлік терезесінің сынып жатқаны байқалады. Оларға қарсы тапаншадан 30-ға жуық оқ атылған. Атыс шамамен 20 секундқа созылады.

Оқиға орынына жеткен дәрігерлер зардап шегушілерді бірден ауруханаға жеткізген. Үшеуі де ауыр жараланған.

Талқылау