Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та өз перзентін аштан қатырған ата-ана 40 жылға сотталды

Пенсильвания штатында Харрисбург соты ерлі-зайыпты Джарред пен Кимберли Таткоға өз ұлдарын аштан өлтіргені үшін үкім шығарды.

АКШ сот

Сот шешімі бойынша 39 жастағы Джарред Татко 42 жылға сотталды, ал оның 40 жастағы әйелі Кимберли темір торда 40 жылын өткізеді.
Сотта ерлі-зайыптылар өз айыптарын толықтай мойындады. Олар аутизммен ауыратын 9 жастағы ұлдарын ұзақ уақыт бойы саналы түрде аш ұстаған. Оны жеке бөлмеде қамап ұстаған. Айыптау тарабы баланың өлер сәтінде салмағы небары сегіз келі болғанын мәлімдеді

Талқылау