АҚШ-та отырмай-ақ сабақ оқуға мүмкіндік беретін парталар шығарылды
Заманауи офистерде пайда болған тұрып тұрып жұмыс істеуге қолайлы парталар енді мектептерге де орнатыла бастады.
АҚШ-та компания тепе-теңдік сақтай алатын тақта мен отырмай-ақ сабақ оқуға қолайлы парталарды қолданысқа шығарды. Тақта кең көлемдегі дөңгелексіз скейтбордты елестетеді. Ол адамның тепе-теңдік сақтау әрекетіне орай, алға-артқа қозғалып тұруға ыңғайланған.
Компания жүргізген зерттеу бойынша мұндай белсенділік жүрек ритмін жеделдетеді екен. Ондай үстелдер оқушылардың ұзақ уақыт бір орында отыру сәтіндегі зияннан арылтпақ.
Үш адамға арналған “ақылды” парталардың құны 1000 доллар шамасында.
Талқылау