Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та қаза тапқан балалардың туыстары оларды Қазақстаннан асырап алғанын растады

АҚШ-та қазақ тапқан жеткіншектердің отбасы балаларды Қазақстаннан асырап алғанын айтты. Осыған дейін олардың Қазақстан тумалары болуы мүмкін екендігі айтылған еді.

f6066729a9b013bd9264a46411d94b20Сурет © komonews.com

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

«Мен қазіргі кезде тек екі баланы менің әпкем Лана Қазақстаннан асырап алғанын ғана айта аламын. Дәл қазір қайғылы жағдайға сене алмай қиналып отырмыз, біздің жеке өмірімізге құрметпен қарауларыңызды сұраймын», – деді Лана Карлсонның туған сіңлісі Джейми Нокула.

Еске сала кетейік, жұма күні Вашингтон штатының тұрғыны Дэвид Кэмпбелл өзінің әйелі Лана Карлсон (49 жаста) мен асырап алған екі баласы Куин Карлсон (16 жаста) және Тори Карлсонды (18 жаста) атып өлтірген. Кейін ол өз-өзіне қол жұмсаған. Көз жұмған тағы бір қыздың есімі әзірге аталмады. Көршілері олардың орыс тілінде сөйлескендерін айтқандықтан, жеткіншектерді Ресейден асырап алған деген болжам айтылған болатын.

Талқылау