Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Өлім мекені 10 жылдан бері бірінші рет гүлге оранды

2015 жылдың қазанындағы күтпеген жаңбырдан соң, Калифорнияның оңтүстігіндегі Мохава шөліндегі Өлім мекені деп аталатын ұлттық саябақта күннің жылынып, күн сәулесінің әдеттегіден тыс көп түсуі себепті түрлі-түсті гүлдер бой көтерген.

65b99f5f447585

Сурет Death Valley National Park

Бұл туралы tjournal.ru сайты хабарлайды.

Алғашқы гүлдер ауа температурасы суық болып тұрған қаңтар айының өзінде бүршік жара бастаған. Ал ақпан айындағы бір жауыннан соң, гүлдер белсенді түрде өсе бастаған.

Саябақтың оңтүстік шығыс беткейін гүлдер сары және көк түске бояп тастаған. Бірақ, кейбір гүлдердің ғұмыры небәрі бірнеше сағатқа созылады екен. Сол себепті керемет көріністі көріп қалуға асыққан адамдардың да қарасы көп.

17 ақпаннан бастап температура 31-32 градусқа дейін көтерілді. Көптеген гүлдер өсіп, саябақтың көркін келтіруде. Алайда, аймақта біраз уақыттан бері жаңбыр жаумай кетуі себепті, саябақ өкілдері гүлдер өліп қала ма деп қауіптеніп отыр. Саябақта мұндай әсем гүлдердің қаулап өсуі 2005 жылдан бері бірінші рет қайталанып тұр.

0b3b73cc23bed6 4f4186a2aa7089  6643e245314d2d dbe788c9147ab6

Талқылау