Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Наурыз мерекесі дүркіреп аталып өтті (фото)

Халықаралық түркі тілдес халықтар ұйымы Түркия мен АҚШ-та және өзге де Turksoy-ға мүше мемлекеттерде Наурыз мерекесін ұйымдастырды.

12819013_764549093681903_225827518_n

Фото: instagram.com/akerke_tazhibayeva/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Түркі әлемінің 200 өнер иесі алғаш рет Түркияда бас қосып, 2016 жылдың 19 наурызында Стамбұл қаласында туындыларын көрсетті. Бұдан кейін Наурыз мерекесі Анкараның жастар саябағында, Кесиорен мен Пурсакларда өз жалғасын тапты. Түркияның көптеген мәдени ошақтарын аралап үлгерген әртістер АҚШ-тың  Нью-Йорк  қаласына аттанды.

Безымянный

Фото: instagram.com/p/BDf459FCppx/

Аталған шарадан отандық әнші Жанар Дұғалова мен қобызшы Ақерке Тәжібаева бой көрсетті.

12903577_776418845826753_1906676603_o

Фото: instagram.com/akerke_tazhibayeva/

12915076_776418739160097_356602499_o

12445779_973741526079681_657269643_n

9658

Түркі әлемінің өнер иелері қатысқан мерекелік шоу Нью-Йорк қаласынан Вашингтонға жол тартты. Turksoy ұйымының Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырып отырған концерт ағымдағы жылдың 1 сәуір күні АҚШ астанасындағы Уорнер театрында өтпек.

12914707_776418779160093_1557918368_o

Фото: instagram.com/zhanar_dugalova/

12599399_1551341755163474_1211895642_n

12914801_776418809160090_100043449_o

12070749_1529778990659750_500320571_n

Фото: instagram.com/nestor923/

10844200_1525972137709530_810591668_n

Түркі тілдес халықтардың бұл мерекелік іс-шарасы тек көктемнің келгенін ғана сипаттап қоймай, ұлтаралық келісім мен бейбітшілікті жеткізеді. Бастысы әрбір ұлттың өзіндік құндылықтары бар екенін айғақтайды.

12917827_889286657864709_365679223_n

Фото: instagram.com/nestor923/

12912727_212773492420024_832139238_n

12935107_1832064790349907_1458275180_n

АҚШ-тың бірнеше қаласында өткізілуі жоспарланған бұл мерекеге түркі тілдес 15 мемлекеттен 200-ден астам өнер иелері қатысып жатыр. Turksoy ұйымының осы жылғы Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралары Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түрікменстан елдерінің тәуелсіздігіне 25 жыл толуына арналған.

Естеріңізге сала кетсек, “Рахат Лукум” тобы экс-әншісінің Наурызды АҚШ-та ерекше қарсы алмақ болғаны туралы хабарлағанбыз.

Талқылау