Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та «мырза» даяшы жұртқа 3 мың доллардың сусындарын тегін құйған

Нью-Йорктегі мейрамханалардың бірінде болған оқиға оның иесінің шашын тік тұрғызды. Сөйтсе, мұнда осы уақытқа дейін жұмыс істеп келген Уильям Пауэлл атты даяшы келушілерге жарты жыл бойы сусындар мен ішімдіктерді ешбір ақы алмастан, тегін құйып келіпті.

91c3ccaaa9ef059721e3bc3d75946994_L

blogdaraffinha.com.br

Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.

Мұны біліп қойған мейрамхана иесі «мырза» жігітті дереу полицияға тапсырды. Ал Пауэллден түсініктеме алған полицейлер оның берген жауабына мүлде таңқалысты. Себебі ол өз әрекетін тек оңтайлы тұрғыдан бағалап, оның ешбір жаман тұсын көрмейтінін айтқан.

«Мен – қазіргі күннің Робин Гудымын. Мен ұрлық жасаған жоқпын. Бар болғаны, байлардан алған нәрсені кедейлерге үлестірдім», – депті Пауэлл.

Ал полицияның пайымдауынша, жігіт осы әрекеті арқылы келушілерден «шәйға» деп берілетін ақшаны көптеп жинамақ болған. Бірақ, «Робин Гуд» мұнысын мойындағысы жоқ. Қазір оған «ұрлық жасады» деген айып тағылды. Енді «мырза» даяшы 11 мамырда сот алдында жауапқа тартылады.

Талқылау