Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та мешітке оқ атқан америкалық 20 жылға сотталуы мүмкін

Өткен жылдың қарашасында Парижде болған лаңкестік оқиғадан соң, Коннектикут штатында мешітке барып оқ атқан америкалық 20 жылға сотталуы және  $250 мың айыппұл төлеуі мүмкін.

1447742989_s209088765561194768_p17_i1_w640

Сурет infokava.com сайтынан алынды

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

48 жастағы Тед Хэкидің жазасы 10 мамырда белгілі болады.

Айыпталушы 2015 жылы 14 қарашада Париджегі лаңкестік жайлы естіген соң Мериден қаласында оның үйіне қарсы бетте орналасқан мешітке төрт рет оқ атқанын мойындады. Хэкиге өзге дін өкілдеріне қатысты өшпенділігіне байланысты оқ атты және діни ғимаратқа зардап келтірген деген айып тағылды.

Америкалық таңертең ерте оқ жаудырғандықтан ешкім зардап шекпеген. Өйткені бұл кезде мешітте адамдар болмаған.

Талқылау