Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та математика мұғалімі емтиханға өзі туралы ерекше сұрақ қосып қойған

АҚШ-та математика пәнінің мұғалімі емтиханға өз тұлғасын тану туралы қосымша тапсырма қосқан.

oCMfJivLUUDN-BSXsLg4j27yWRm9GoucS4rnTlpiHcA

Суретті оқушылардың бірі желіге жариялапты. Оның сөзінше, математика мұғалімі қатысушыларды мүлде белгілемеген, ал емтихан болатын күні қаладан кетіп қалған.

Тестегі шешуші сұрақ мынадай: “Тоқсанның жартысына жуығы өтті. Және сіздер әрқайсыңыз мені қандай да бір деңгейде білесіздер деп ойлаймын. Кәнекей кішкене викторина жасайық: мына фотолардың қайсысында мен бармын?”

Дұрыс суретті төрт нұсқаның ішінен таңдау керек. Жазба авторының айтуынша, ол математика бойынша сабаққа тұрақты түрде келген нағыз мұғалімді белгілеген.

Ал желі қолданушылары мұғалімнің мына қылығына еріксіз езу тартқан, өйткені төрт суретте де бір адам бейнеленген.

Талқылау