Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та күшікке таласқан жасөспірім 8 жасар көрші қызды атып тастады

АҚШ-тың Джефферсон (Теннесси штаты) округінің соты бесінші сынып оқушысына қатысты үкімді жария етті, ол сегіз жасар көрші қызды атып өлтірген, деп жазады шетелдік БАҚ.

20160206125229

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қайғылы оқиға 2015 жылы 3 қазанында Уайт Пайн қалашығында орын алған. Сол күні үш кішкентай қыз аулада күшікпен ойнап отырған. Оларға жатын бөлме терезесінің алдында отырған 11 жасар көрші бала қызығып қараған. Бала күшікті көрсетуін сұрағанда қыздар бас тартады.

«Жоқ» деген жауапты естіген ол үйден әкесінің мылтығы мен тапаншасын алып шығады. Бермеген жағдайда атып тастайтынын айтады. Бірақ қыздар оған сенбей, күлген. Күлкіге қалған жасөспірім сегіз жасар Майкайла Дайер есімді қызды атып, кеудесінен тигізген. Қыз бала бірер минуттан кейін анасының қолында жан тапсырды.

«Адам өлтірген бала бостандықта жүре алмайды», – деді үкімді оқыған судья Деннис Роуч.

Американың WATE-TV телеарнасының хабарлауынша, жасөспірім 19 жасқа толғанша кәмелеттік жасқа жетпегендерге арналған түзеу мекемесінде болады.

Талқылау