Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та көру және есту қабілеттерін қайта қалпына келтіретін ми импланты құрастырылып жатыр

Америкалық Райз университетінің мамандары ішкі құрылғыдан ақпарат алуға қабілетті, сосын мәліметтерді өңдеу арқылы ми аумағына қуат беретін, көру және есту қабілеттерін қалпына келтіретін FlatScope ми имплантын құру үстінде.

Безымянный

Бұл туралы Hi-News.ru хабарлайды.

Федералдық қорғаныс агенттігінің осындай мәндегі құрылғылар ойлап табуға деген конкурсы өткен аптада жарияланды. Зерттеуге 65 миллион доллар бөлінбек. Алғашқы кезеңде зерттеушілер көру қабілетін қалпына келтіретін бағдарламалық-аппаратты кешенді құрастыру үшін 4 млн доллар пайдалануы мүмкін.

Қазіргі заманауи жүйелердің өзінің мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан адамның ішінен ақпарат суырып алу дегеніңіз мүмкін нәрсе болмай тұр. Райз университетінің ғалымдары зерттеуді жаңа деңгейге көтеріп, бас миының миллиондаған нейрондарымен тікелей байланыса алатын нейроинтерфейс құрмақшы.

Жоба әзірге тек бастапқы кезеңде ғана екенін ескерсек, онда қандай да бір сынақ жүргізіледі деуге әлі ерте. Бірақ, ең бастысы қаржы бөлініп, жұмыс басталып кеткен.

Оқи отырыңыз:

Сәбиді емізудің әйел үшін қандай пайдасы барын біле жүріңіз

Қазақстанда қандай жемістер мен көкөністерде нитраттар көп

Сәбиді қырқынан шығарудың құпиясы неде?

Баланы сүндеттеудің медицинадағы пайдасы қандай?

Талқылау