Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та қолтырауын шабуыл жасаған баланың денесі табылды

АҚШ-та Флорида штатының полициясы жағажайда қолтырауын шабуыл жасап, өзенге сүйреп әкеткен екі жасар баланың денесін тапты.

цаца

Сурет angryap.blogspot.com

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Оқиға Disney’s Grand Floridian Resort & Spa кешені жанындағы өзеннің қасында болған. Бұл өзен Орландо қаласындағы Walt Disney World ойын-сауық орталығында орналасқан.

Қайтыс болған баланың есімі – Лэйн Грэйвс екен. Оның отбасы Флоридаға демалу үшін Небраск штатынан келіпті.

“Денеде жарақат белгілері жоқ. Сол себепті мұның сол жоғалған бала екеніне еш күмән жоқ”, – дейді шериф Джерри Демингс.

Ата-анасы қашықтау жерде жүрген мезетте қолтырауын балаға шабуыл жасаған. Оқиға болған сәтте бала суға бір метр жетер-жетпес тұста отырған екен. Әкесі құтқаруға тырысқанымен, талпынысы жүзеге аспаған.

Штаттың табиғатты қорғау басқармасының басшысы Ник Уайэли шабуыл жасаған қолтырауынды тауып, өлтіру керектігін айтты. Мамандар оның алдында іздеу кезінде өзеннен бес қолтырауында кезіктіріп, бесеуін де өлтірген. Бірақ, олардың ешқайсысы балаға шабуыл жасаған аллигатор болмай шыққан.

Талқылау