Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та хирургтер беті күйген ер азаматқа жас жігіттің бетін тігіп берді

26 сағатқа созылған ота барысында 41 жастағы өрт сөндіруші Патрик Хардинсонға бет тіндерінің рекордтық санын ауыстырып, оның өрт салдарынан сиқы бұзылған бетін донордың бетіне ауыстырды, – деп хабарлайды Би-би-си.

хирург

Оқиғадан кейін өрт сөндіруші көру қабілетінен дерлік толық айырылып, бетінің сиқы бұзылған. Соңғы 14 жылда оған 71 рет ота жасалғанымен, бетін бұрынғы қалпына келтіру әрекеттері сәтсіз аяқталды.

Хардинсонның бетінің доноры Нью-Йорктің 26 жастағы суретшісі Дэвид Родебау болды. Отаның алдында бір жыл бұрын ол ауруханада мотоциклмен жарыс кезінде алған жарақаты салдарынан көз жұмған. Родебаудың бетін ота үшін пайдаланылуына оның анасы рұқсат берді.

Ота кезінде хирургтар пациенттің бас сүйегінің формасын өзгертуге тура келді. Алдағы уақытта Хардинсонға көру қабілеті қайтып оралады.

Бұл – медицинада адамға бет тіндерінің осыншама үлкен саны ауыстырылып қондырылған бірінші оқиға. Бет тіндері ауыстырылып қондырылған бірінші пациент – 2005 жылы франциялық азаматша Изабель Динуар болды.

Талқылау