АҚШ-та қазақстандық боксшы қатысқан жекпе-жек өткізілмеді деп есептелді
Қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов пен америкалық Морис Чалмерстің жекпе-жегі өткізілмеді деп танылды.
Қазақстандық боксшы өткізілмеді деп есептелген жекпе-жегіне қатысты пікірін айтты.
“Жағдайым өте жақсы. Жекпе-жектің қалай өткенін көрермендердің барлығы көрді. Нокаутқа түсірейін деп едім, қарсыласымды құлатуыма аз қалған еді. Ол менің күшіме қарсы тұра алмады, сөйтіп басын төмен сала берді. Маңдайыма соғылып, қабағы жарылды. Соғылып қалардың алдында қатты соққы бердім. Міне, бітті деп ойладым. Ақыры ол бәрін құртты.
Жеңісті маған неге бермегендерін түсінбедім. Мен басымдық таныттым. Барлығы көрді, өзім де америкалықтың қазір құлайтынына сенімді болдым. Өкінішті, ереже сондай. Мен өзім техникалық нокаутпен жеңдім деп есептейтін. Әділетсіздік болды. Оны жақсылап қалтыраттым. Өз рекордым деп есептеймін 14-0, 12 KO”, – деді жекпе-жектен соң Эюбов.
Оқи отырыңыз:
Айқасқа шық, қорқақ: Танымал самбошы спорт басқармасының басшысын жекпе-жекке шақырды