Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та қаза тапқан қазақстандық бала аспаз болуды армандаған

Америкалық Лана Карлсон Қазақстаннан асырап алған 18 жастағы Тори Карлсон Бремертондағы Олимпиялық колледжде оқып жүрген еді. Ол аспаз мамандығын меңгеруге талпынған.

20160229080604

Еске сала кетсек, жұма күні Вашингтон штатындағы Бэлфейр қаласында Дэвид Кэмпбелл есімді ер адам өзінің әйелі Лана Карлсон мен оның Қазақстаннан асырап алған балалары 18 жастағы Тори және 16 жастағы Куинді атып өлтіреді.

Лана Карлсон Тори мен Куинді алдыңғы күйеуімен бірге асырап алған. Бірінші күйеуі қайтыс болғаннан кейін, ол Дэвид Кэмпбеллге тұрмысқа шыққан.

Торидің мұғалімі профессор Крис Племмонс Ториді өте байқампаз, білімді, тамаша студент еді дейді.

“Тори өте жігерлі бала еді. Ол Мейсон ауылынан автобуспен сабаққа дейін 3 сағат жүріп келетін. Осындай қиындыққа қарамастан ол ешқашан шағым айтқан емес. Тек аспаз болуды армандайтын”, – дейді Крис.

Тори Карлсон колледжді осы жылдың маусым айында аяқтауы керек болған. Ол өз кәсібін жүргізгісі келіп, тіпті тамақ сататын фургон-дүңгіршек те сатып алған екен. Ол осы қуанышын достарымен бөлісіп жүретін. Арманына жетуге таяқ тастам жер ұалған еді.

20160229080618

Балаларды атып өлтірген Дэвид Кэмпбелл желдеткіш сату бизнесімен айналысқан. Ол өзімен бірге қару ұстап жүретін. Оның қызметкерлерінің бірі Джо Галегос полицияға арыз жазып, Дэвидтің қару ұстайтынын оны алып қоюын сұраған.

Лана Карлсонның ағасы патрик Джонстад әпкесі туралы пікір білдірді.

“Бұл оқиға бізді есеңгіретіп тастады. Лана барлық адамды нәсіліне, түріне қарамай тең жақсы көретін. Ол өте керемет әйел болды”, – дейді Патрик Джонстад.

Бұдан бұрын, Лара Карлсонның туған сіңлісі Джейми Нокула балалардың Қазақстаннан асырап алынғанын айтқан еді.

Талқылау