Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та қайтыс болған балаларды Қазақстанда ешкім асырап алғысы келмеген

2002 жылы 10 шілдеде Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы Щучье аудандық сотының шешіміне сәйкес Тимур Көктиев пен Дамир Абдрахмановты асырап алуға байланысты рұқсат  еткен еді, деп хабарлайды tengrinews.kz.

victim1_1456616605420_2655878_ver1.0_640_360

Карлсон Терри Уильям мен Карлсон Лана Джейн өздері бала сүйе алмаған соң, Қазақстаннан бала асырап алуға ниет етіп, құжаттарын өткізген. Олардың жылдық табысы 63 мың долларды құрағандықтан және некеде 3 жылдан астам уақыт болғандықтан т.б. себептерге байланысты оларға бала Қазақстанның екі баласын асырап алуға рұқсат етілген.

Тимур мен Дамир бірнеше рет асырап алуға ұсынылған. Алайда, елімізде оларды ешкім асырап алуға құлық танытпаған. Сондықтан олар Карлсондардың отбасына берілген.

АҚШ-та қайтыс болған қазақстандық балаларды 3 және 5 жасында өз ата-аналары перзентханада тастап кеткен. Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары сайтына Щучье үйінің бас дәрігері Светлана Мухорямова мәлімдеген.

Оның айтуынша, 1997 жылы туылған баланың үлкені сол жылы осы үйге әкелінген. Оның еш жері ауырмаған. Тек жоғары дәрежедегі миопия болған. Көзі нашар көргендіктен көзілдірік тағуға мәжбүр болған.

Ал, Дамир 1 жас 10 күндігінде Көкшатаудың перинатарлық орталығынан келген. Ол орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен диспансерлік орталық есебінде тұрған. Дәрігер оның еті тірі, пысық бала болғанын айтады.

Бұған дейін АҚШ-та қаза болғандардың туыстары олардың Қазақстаннан асырап алғанын растаған еді. Және олардың есімдерінің белгілі болғанын хабарлаған болатынбыз.

Талқылау