Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та иттерге арналған дәмхана ашылды

 АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында иттерге арналған дәмхана ашылды, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

кафе-иттер

Мұнда келушілер тек шай мен кофе ішіп қана қоймай, осында иттерін ойнатуға мүмкіндік алады. Дәмхана иесі Сара Вольфганг осылайша қаңғыбас иттер мәселесіне қоғам назарын аудартпақшы. Бір жыл ішінде ол 100-ден астам үй жануарына қожайын тауып беруді жоспарлап отыр. Жоба сәтті болса Сара болашақта Американың өзге де ірі қалаларында иттерге арналған дәмхана ашуға көздеп отыр.

«Мен Оңтүстік Кореяда тұрдым. Сол жерде қаңғыбас иттер паналайтын орында жұмыс істедім. Бұл нысан жабылған кезде еріктілермен бірігіп, бірнеше айдың ішінде 120 үй жануарына қожайын тауып бердік. Менің дәмханам секілді орындар көптеп ашылса, қаңғыбас иттер санын біршама азайтар едік», дейді  иттерге арналған кафе иесі Сара Вольфганг.

 

Талқылау