Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та гейлердің той кешін өткізуден бас тартқан қонақүй иесіне 80 мың доллар айыппұл салынды

АҚШ-тың Иллинойс штатындағы TimberCreek Bed & Breakfast отелінің иесіне ғимаратты гомосексуалистердің неке қию рәсіміне жалға бермегені үшін айыыпұл салынды.

Безымянный

Сурет korrespondent.net

Тодд және Марк Вэвен шағын қонақүй иесі Джим Вэлдерге 2011 жылы почта арқылы хабарласады. Джим Вэлдер көгілдірлердің неке қиюы үшін ғимаратын бере алмайтынын және олардың бұл қылығын сондай “жиіркенішті” деп бағалайтынын айтады.

Иллинойс штатының комиссиясы бұл әрекетті адам құқығын бұзу деп тауып, айыппұл салуды шешкен.

“Біздің жұптың намысын аяққа таптағаны үшін өз айыбын өтегеніне қуаныштымыз”, – деді Тодд Вэвен.

Сексуалдық көзқарастары дәстүрлі емес жұптарға өз ғимараттарын беруден бас тартқан бұл бірінші жағдай емес. 2015 жылы желтоқсан айында Орегон штатында да Sweet Cakes by Melissa кондитерлік ғимаратының иесі дәл осындай әйел жұптың ұсынысынан бас тартқаны үшін 137 мың доллар айыппұл төлеген еді.

АҚШ аумағында дәстүрлі емес жұптардың некелесуіне 2015 жылдың 26 маусымында рұқсат берілді. Ал Иллинойс штатында біржынысты азаматтар 2011 жылдан бастап некеге тұра алады.

Талқылау