Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та ер мен әйелі салмағы 16 келі болатын мысықты асырап алды

Американың Мэриленд штатында салмағы 15,8 келі болатын мысық өзіне жаңа қожайын тапты.

pic_a0554d3dfe65a795cbe4b1c60d311f71

Бұл туралы ABC News хабарлайды.

Киа Беркли мен Питер Соркин дәу мысықты асырап алған. Әйелдің айтуынша оған жануарлар қатты ұнайды және де бес жасар Симба да бірден көңілінен шыққан. Алғаш кездескен кезде үй жануары қатты мұңды көрінген. Соған қарағанда ол бұрынғы иесін сағынатын сыңайлы дейді Киа.

Енді мысықтың дене бітімін қалпына келтіру үшін Беркли мен Соркин оны диетаға отырғызып, физикалық жаттығулар жасатпақ. Сондай-ақ, мысыққа медициналық көмек те көрсетілмек. Бұл үшін арнайы Фейсбукте парақша да ашып қойған. Қазір аталмыш аккаунтқа 1,4 мыңнан астам адам жазылып үлгеріпті.

Оқи отырыңыз:

8 жасында бойы екі метр болған бала рекордтар кітабына енуді армандап жүр (фото)

42 жастағы келіншек жұртты мінсіз дене сымбатымен тамсандырып жүр (фото)

Басы екі есе ұлғайған бүлдіршін отаға жетпей шетінеп кетті (фото)

99 қарбыздың көмегімен сүйіктісінен кешірім сұрамақ болған жігіттің жоспары іске аспады

Талқылау