Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та ер адам оққағар киімін тексеріп жатып інісін өлтіріп алды

Флодрида штатындағы Тампа қаласының 23 жастағы тұрғыны Жоакин Менде оққағар киімін киіп, оның жарамды-жарамсыз екенін тексермек болады.

thumb

Оның 24 жастағы ағасы Александро Гарибальди оны іс жүзінде тексермек болып, кеудесінен оқ атады, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Кеудеге дәл тиген оқтан жігіт ауруханада көз жұмған. Полицейлер тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Бастапқыда ағасы інісінің оған дейін жаралы күйде болғанын айтқан. Кейіннен куәгерлердің бірі Гарибальдің оқ атқан сәтіне куә болғанын хабарлаған. Енді ол абайсызда адам өлтіру ісіне қатысты айыпталып жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Жедел жәрдем дәрігерлері бронежилет кию туралы ойлана бастады

Талқылау