Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүлдіршін қолтырауынмен бірге туған күнін атап өтті (фото)

Бүлдіршін өзінің туған күнінде қолтырауынның үстіне отырып бөлме ішін аралады. Желі қолданушылары бүлдіршіннің өмірі үшін қатты алаңдағандарын айтып жатыр.

3BE5145000000578-4094924-image-a-27_1483711396946

Бұл туралы Тһе Daily Mail басылымы хабарлайды.

Бүлдіршін қолтырауынның арқасынан мықтап ұстап алған. Ол енді анасының өзін суретке түсіргенін күтіп тұр. Аталған видео жұрт арасында тез тарап кетті.  Оны аз уақыт ішінде 30 000 адам қарап үлгерген. Ұзындығы – 2,5 метр, салмағы – 90 кг болатын қолтырауын Чикаго облысында табылған екен. Кейти де, қолтырауын да камераға күліп түсіп жатыр.

3BE5145400000578-4094924-image-a-26_1483711387507

“Видеодан күлкілі нәрсе көріп тұрғаным жоқ. Жануар кішкене қызды өлтіріп қоюы мүмкін. Оның ата-аналарының жауапкершілігі жоқ екен”, “Стив Ирвиннің өз баласын қолтырауынның үстіне отырғызып қойғаны естеріңізде ме? Бұл жауапкершіліктің жоқтығы емес пе?”, “Қолтырауынға адамды өлтіру қиын емес. Оны айтпай-ақ білуге болады”, “Қолтырауынды ойыншықпен шатастырып алған сияқты. Оны қараусыз қалдыруға болмайды” деп жазады желі қолданушылары.

3BE5147800000578-4094924-image-a-17_1483711325105

Америкалық қолтырауындардың ұзындығы 3,5 метр, ал салмағы – 450 килограмға дейін баруы мүмкін. Олар АҚШ-тың саз балшықтарында көп. Өткен жылдың маусым айында Флоридадағы Disney World-та кішкене бүлдіршінді қолтырауын өлтіріп қойған болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Лондон тұрғындары шалбарсыз метроны аралады (фото)

Әлемдегі басы ең үлкен баланың басынан 3,7 литр сұйықтық алынды (фото)

Марқұм иесін жоқтаған жылқы жұртты қайран қалдырды (фото)

Бір топ жігіт Ақшақар болып киінген қызтекені сабап тастады (видео)

Талқылау