Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ азаматы 14 жыл бұрын қайтарылмаған кассета үшін жауапқа тартылды

Американың Солтүстік Каролина штатында полиция 14 жыл бұрын жалға алу пунктінен бейнекассеталарды қайтармай кеткен ер адамды ұстады.

pic_68311fa64f27e1b3779d22674b905e1a

Сурет lenta.ru

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Конкорд қаласының 37 жастағы тұрғыны Джеймс Мейер қызын мектепке апара жатқанда полицейлер тоқтатады. Оның көлігінің тоқтағанда жанатын шамы қосылмаған болып шығады. Полиция оның құжатын тексеру кезінде бұл адамның атына 14 жыл бұрын Сэлисбери қаласында J&J Video жалға алу пунктіне бейнекассетаны қайтармағаны үшін қамауға алу туралы сот шешімі барын анықтайды.

Абыржып қалған Мейерстің айтуынша, полиция қызметкері оған: «Мырза, сізге айтудың өзі ыңғайсыз, бірақ 2002 жылы сізді қамауға алу туралы сот құжаты шыққан. Сіз «Құрып кетші, Фредди!» фильмінің кассетасын жалға алып, қайтармаған көрінесіз», деді.

Полиция басқармасы қамауға алуды растап, шешім 2002 жылы 28 ақпанда қазіргі кезде қызметі жойылған жалға беру пунктінің сұрауымен жазылғанын, мәмілегер судьяның оған қол қойғанын нақтылады.

Мейерсті полиция ертеңінде учаске келуге уәдесін алып босатып жібереді. Учаскеде оның қолына кісен салынып мәмілегер сотына жеткізілді. Бір айдан соң осы іске қатысты сот отырысы өтеді.

Аталмыш фильм «Алтын таңқурай» премиясына 9 рет ұсынылып, 6 аталым бойынша – оның ішінде «Ең нашар фильм», «Ең нашар сценарий» және «Ер адамның ең нашар рөлі» аталымдарында жеңіске жеткен.

Кейінірек ол он жылдағы ең нашар фильмі ретінде де аталымға ұсынылыпты.

Талқылау