Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та биік ғимараттың 23-ші қабатына шығып алған жанатты ешкім құтқара алмай отыр (видео)

АҚШ-тың Миннесот қаласында биік ғимараттың 23-ші қабатына өздігінен шығып алған жанат бір күнде танымал болды. Елдің барлық тұрғындары бір тәулік бойы биік ғимараттың төбесінен түсе алмай тұрған жануардың тағдырын бақылап, алаңдап отыр.

АҚШ-та биік ғимараттың 23-ші қабатына шығып алған жанатты ешкім құтқара алмай отыр

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Сейсенбі күні таңертең жергілікті радиостанцияның журналисті биік ғимараттың үстіне шығып алған жануарды терезеден көріп қалған екен.

«Бұл байқұс жануар Town Square ғимаратына шығып алып, түсе алмай отырған секілді. Жанат көгершіндерді ұстаймын деп, осындай биіктікке шығып алған көрінеді. Оның бұл жерден түсе алмай жүргеніне екі күн болды және ол осы уақытқа дейін су да ішпей, аш отыр», – деп жазды Тим Нельсон.

Жануар түстен кейін тынығуды шешіп, ғимараттың 22 қабатында тоқтаған екен. Осы уақытқа дейін халық жанат үшін қатты алаңдап, дұға етумен болды. Бірақ, көп ұзамай ғаламтор жұлдызына айналған жанат қайтадан 23-ші қабатқа көтерілді.

Желі қолданушылар терезелері ашылмайтын ғимараттан жануарларды қалай құтқарамыз, деп өз пікірлерімен бөлісуде. Көпшілігі жанат ғимараттың төбесіне шығу керек деген қорытындыға келді.

Екі күн бойы ғимараттан түсе алмай жүрген жанат бүгін таңға жуық қабырғамен ақырындап төмен түсе бастаған. Қазір ол 23-тен 17-ші қабатқа дейін төмендеді.

Америкалықтар оқиғаның қалай өрбитініне алаңдап, жануарды бақылауды жалғастыруда.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

 

 

Талқылау