АҚШ-та бүркітші қазақ қызы туралы деректі фильмнің трейлері шықты (фото, видео)

Жұма, 5 Тамыз , 2016 14:56

Моңғолиядағы бүркітші қазақ қызы туралы деректі фильмнің трейлері желіде жарық көрді.

01_eagle_huntress.adapt.1190.1

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Атқарушы продюсері Дэйзи Ридли болған бұл фильм “Сандэнс” кинофестивалінің сенсациясына айналды. Мұнда деректі фильм режиссері Отто Беллдің “The Eagle Huntress” балаларға арналған фестиврльдің “Сандэнс Кид” бөлігінде дебютке айналды.

attends the "Eagle Huntress" Premiere during the 2016 Sundance Film Festival at Prospector Square on January 24, 2016 in Park City, Utah.

24 жастағы ағылшындық актриса және продюсер Дэйзи Ридли режиссер Отто Беллдің «The Eagle Huntress» деректі фильмінде кадр сыртындағы сөздерді оқиды. Фильм ата-бабаларының дәстүрін жалғастырып, бүркітші өнерін меңгеріп жатқан қазақ қызы Айшолпан Нұрғайып туралы баяндайды.

Отто Белл ұлыбританиялық режиссер, алайда Нью-Йоркте жұмыс істейді. Режиссер The National Geographic-ке берген сұхбатында қыздың қайсарлығына тамсанатынын айтты. Оның сөзіне қарағанда, Айшолпан өз-өзіне сенімді бүркітші. Түсірілім кезінде ол өз әрекеттеріне еш күманданбаған. Үш адамнан тұратын түсірілім тобы 50 градус аязда тоңып, әрең қозғалса, Айшолпан тізесінен жоғары қалың қармен жүріп, 15 келіден астам бүркітті көтеріп жүрді. Отто Белл атап өткендей, ұяңдығына қарамастан Айшолпан камера алдында өзін жақсыұстай білді. Айшолпанды жанындағылары, әсіресе әкесі қолдайды. Фильм трейлерін мына жерден көруге болады.

Айта кету керек, бүркітпен аң аулау ерлердің ісі деп саналады. Әлем бойынша бұл өнермен 2 әйел адам айналысады екен. Екеуі де қазақ. Қазақстанда бүркітші қыз Мақпал Әбдіразақова бар.

bercutshi-small

Youtube видеохостингінде бүркітші қызға қатысты тағы да бір бейнеролик жарияланды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Анонимно says:

    Жарайсын ,казактын батыр кызы!!!

  • Анонимно says:

    Молодец!

  • Қуандық says:

    Айшолпан өнерін өрге жузсын монғолияда киндик қанымыз трассада биз казах деген батырдың урпагмыз кайда журсенде аман болайык

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар