Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та әзілқой Burger King қызметкерін мейрамхана терезелерін сындыруға мәжбүр етті (видео)

Кун-Рапидс қаласындағы Burger King мейрамханасының қызметкері телефон арқылы алданып қалған. Ғимаратқа бір әзілкеш телефон шалып өзін өрт сөндіру департаментіндегі шенеунікпін деп таныстырған. Сосын өртке қарсы қауіпсіздік жүйесін тексеріп көргісі келетінін айтады.

9fbc9c06-f177-4a0b-b27a-b3f5283c7b53

Сурет today.kz

Бұл туралы lifenews.ru хабарлайды.

Телефонмен сөйлесу кезінде алдаушы өзінде өрт жүйесін алыстан тексере алатын мүмкіндік бар екенін айтады. Осылайша ол, ғимаратта газ қысымы көтеріліп тұрғанын хабарлап, егер шара қолданбаса ауқымды жарылыс болады дейді. Бұған жол бермес үшін, әзілқой терезелерді сындыруға кеңес берген.

Жылдам тамақтану мейрамханасының қызметкері керекті жарақтарды асынып алып, ғимараттың бірінші қабатындағы терезелерді шетінен қирата бастайды.

“Мен аздап сасып әрі қорқып қалдым. Бастапқыда терезе сындыруға әріптестерім кеткен, артынша мен де қосылайын деп шештім”, – дейді қызметкер Итан Грив.

Нәтижесінде, ғимаратқа 10 000 доллар көлемінде шығын келген.

Талқылау