АҚШ-та әйелін көшеге жалаңаш қуған жігіттің үстінен іс қозғалды

Дүйсенбі, 25 Қаңтар , 2016 14:12

Нью-Йоркте тұратын, Доминикан республикасынан шыққан Джейсон Мело есімді ер адам әйелін көше бойында жалаңаш жүруге мәжбүр еткені үшін сот алдында жауап беретін болды.

photo_83652

Бұл туралы Рас.кз хабарлайды.

Жұма, 22 қаңтар күні Манхэттен сотында өткен тыңдау барысында 24 жастағы Мелоның 22 жастағы азаматтық некедегі әйелінің интернетте басқа еркектермен байланыс жасасып, бір-бірлерімен интимдік сипаттағы суреттерін алмасқандары белгілі болды.

Бұған қатты ашу шақырған күйеуі жеңілтек әйелін жазалауға шешім қабылдаған. Өзінің айтуынша, азаматтық күйеуі жәбір көрушіні (аты аталып отырған жоқ) екі жасар қызының көзінше ұрған, сосын шешінуді бұйырып, сол қалпында көшеге алып шыққан.

Сотта Мелоға басқа адамның денсаулығына залал келтіретін әрекет жасады, кішкентай қызды үйде қараусыз қалдырып кетті, деген айып тағылды. Осыдан соң Гарлем тұрғыны істеген ісіне өкініш білдіріп, кешірім сұрады, өзінің «жұрт ойлап жүргендей, жаман адам емес» екенін дәлелдеп бақты.

Алайда, соттың қандай шешім қабылдағаны әзірге белгісіз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар