Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та әйел 16 тісін жұлдырғаннан кейін қайтыс болды

АҚШ тұрғыны 16 тісін жұлдырғаннан кейін қайтыс болды. Оның отбасының айтуынша, дәрігер оған өте көп мөлшерде дәрі салып жіберген.

139839_or

Сурет shkolazhizni.ru

Бұл туралы dni.ru хабарлайды.

Мичиган штатының Эприл Уолтерс тісі ауырып стоматологиялық клиникаға келген. Әйелді қараған дәрігер, оның бірден 16 тісін жұлған. Бастапқыда дәрігер 18 тісті құртпақшы болған, алайда әйелдің жүрегі әлсіреген соң процедураны тоқтатқан.

Емделушіні босатқан дәрігер, оған дереу ауруханаға баруға кеңес берген. Жолда ол өзін жайсыз сезінген. Туысын оны жасанды түрде демалдыруға тырысқанымен ештеңе өнбеген. Әйел ақыры ауруханада қайтыс болған.

Енді қайтыс болған әйелдің отбасы стоматологтан түсініктеме талап етуде. Эприлдің сондай-ақ, қант диабетінің жоғарғы деңгейімен сырқаттанып, дем жетпеу ауруымен де ауырғаны белгілі болды.

Талқылау