Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та аязға шыдамай қайтыс болған тұрғындар саны 28 адамға жетті

АҚШ-та қаһарлы қыс салдарынан қаза тапқандар саны артты. 11 штатта төтенше жағдай жарияланып, ел астанасында көлік қатынасы жартылай шектелген.

Steve Young shovels out his sidewalk during a severe winter storm in Boston, Massachusetts February 9, 2013. A blizzard pummelled the Northeastern United States, killing at least one person, leaving hundreds of thousands without power and disrupting thousands of flights, media and officials said.    REUTERS/Brian Snyder    (UNITED STATES - Tags: ENVIRONMENT DISASTER) ORG XMIT: BKS03

Бұл туралы 24. кз хабарлайды.

Тіпті қалың қарға байланысты бүгін мемлекеттік мекемелер жұмыс істемейді деген де ақпар бар. Вашингтон, Нью-Джерси мен Нью-Йорк тұрғындарына билік көшеге шықпауға кеңес берген. 22 қаңтарда басталған боранның зардабын 90 млн Америка халқы тартып отыр.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, кейбір аудандарда 70 сантиметрге дейін қар түскен. 200 мың үй электр жарығынсыз қалса, бірқатар өңірде сел жүреді деген де қауіп бар.

Осыған дейін синоптиктер Америкада ауа температурасы -50 градусқа дейін төмендейді деп болжаған еді. Американы буған сарышұнақ аяздың әзір босайтын түрі жоқ.

Талқылау