Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та атыс жасаған лаңкестің бұрынғы әйелі оның жүйке ауруына шалдыққанын айтты

Орландодағы гей-клубқа басып кіріп, 50 адамды қырып салған лаңкес Омар Матиннің бұрынғы әйелі, ол туралы ақпараттармен бөлісті.

ненен

Сурет reuter

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Бұрынғы әйелінің айтуынша ол жүйке ауруына шалдығып, жиі ұрып-соғып, тіпті туыстарына телефон шалуға да тыйым салыпт.ы

Ситора Юсуфий Матинге 2009 жылы тұрмысқа шыққан. Әйелі Матин ауғанстанда туған американдық дейді. Ол радикалды ислам бағытын ұстанғанына қарамастан, полиция қатарына жұмысқа тұруға талпыныпты.

Орландодағы атыстан кейін АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп, елге мұсылмандарды кіргізбейік деген бастамасын қайта қаузай бастады. Рейтер агенттігі болса, Матиннің 10 жыл бойы ірі әлемдік күзет компаниясында жұмыс істегенін анықтаған. Онда ол қару асынып, қызметтік міндетін атқаратын болған. Қазіргі таңда оның оқты қызметтік қарудан немесе жеке қарудан атқаны анықталуда.

G4S күзет компаниясы да бұл ақпаратты растады. Сол ұйымда жұмыс істеген қызметкердің айтуынша, Матин ешқашан ешкіммен араласпаған және күлмейтін жан болған екен. Америкалық журналистер болса лаңкес жуырда ғана түрмеден босап шыққан радикалды бағыттағы имамдармен араласуы мүмкін деген болжам жасауда. Бұл ақпарат нақты расталмады. Алайда федеральды зерттеу бюросы ол түнгі клубтағы адамдарды атқаннан кейін, 911 шұғыл нөміріне қоңырау шалып, өзінің “Ислам ұйымына” тиесілі екенін айтқанын мәлімдеді.

Еске сала кетсек, жексенбі, 12 маусым күні түнде Орландо қаласындағы гей-клубта болған Матин жаудырған оқтан 50 адам қаза тауып, 53 адам зардап шеккен. АҚШ президенті бұл жағдайды терроризм деп атады.

Талқылау