Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та ата-ана лесби екенін мойындаған қызының құрметіне керемет кеш жасады

Нью-Джерсиде сексуалды көзқарасы біржынысты екенін мойындаған бойжеткен қызының құрметіне ата-анасы керемет кеш ұйымдастырды.

original_529dcb3a508ac56fefb67633e95b6916

Сурет shakhty.su

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

17 жастағы Кинси Рацманның ата-анасы үйді кемпірқосақ түске бояп, әдемілеп безендірген. Дастарханға торттан басталып тәттінің барлығы қойылып, арнаулы мәзір әзірленген.

Қыз туыстары мен достары қатысқан үйіндегі көңілді түскі астың суретін өзінің желідегі парақшасына жүктеген. Оның жыныстық көзқарасын ата-анасының қуана қабыл алуы, қыздың да именбей достарына хабарлауына мүмкіндік берген.

Безымянный

“Мен өзім сенер-сенбесімді білмей таңырқаулымын, отбасыма үлкен алғыс айтамын”, – дейді Кинси.

Ол өзінің біржынысты қасиеті туралы хабарлағаннан кейін, оған мыңдаған адамнан достық ұсыныс келіп түсіп, олардың көпшілігі мұның әрекетіне қолдау танытқан.

Талқылау