АҚШ-та «арызқой» әуежайдың үстінен 6,5 мың арыз түсірген

Жұма, 11 Наурыз , 2016 7:04

Былтыр Америка астанасының тұрғыны қаладан 5 шақырым жердегі Рональд Рейган атындағы әуежайдың шуылына қатысты 6,5 мың рет шағымданған. Осыншама көп шағым беру үшін жыл бойы тәулігіне 18 мәрте қоңырау шалу керек.

KDCA
Сурет simrussia.com

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

The Washington Times газетінің жазуына қарағанда, 2015 жылы Вашингтонның әуе тораптары басқармасына ұшақтардың шуына қатысты 8 670 арыз-шағым келіп түссе, соның 6 500-і бір адамға ғана тиесілі.

Әуежайдың өкілдері арызқой азаматтың аты-жөнін жарияламай отыр. Ол қаланың солтүстік-батысында тұратындығы ғана белгілі болды. Әуежайдың ресми өкілдері бір адам ғана шағымданса да оны қарауға міндетті екендіктерін жасырмайды.

Олар басқа да тұрғындардың NextGen навигациялық құрылғысы жаңартылғаннан кейін у-шудың көбейіп кеткеніне шағым түсіре бастағанын мойындап отыр. Миллиард доллар жұмсалған жүйе радарлардың орнына жер серіктер көмегімен навигацияны қамтамасыз етеді.

Соның арқасында ұшақтар жанар май мен атмосфераға шығатын қалдықтарды азайтып, барынша тура бағдарларды таңдайды. Осының салдарынан әуежайға жақын қаланың кей тұстарында шу қалыптан тыс көбейіп кеткен.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар