Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Анджелина Джолиден аумайтын қыздың танымалдылығы артып келеді

Танымал актриса, режиссер Анджелина Джолига қатты ұқсайтын модель Мара Тайген АҚШ-тағы танымал адамдардың қатарына қосылып шыға келді.

5715f6dbd4f2e1461057243

Бұл туралы Kazpravda.kz хабарлайды.

21 жастағы сұлу қыз Инстаграмға бір жылдай уақыт бұрын тіркелген. Джолиге ұқсайтындығының арқасында оның жазылушыларының саны күрт өсіп шыға келді. Ерінге жасалған жарнамаға түскеннен кейін, қызға БАҚ-та назар аудара бастаған.

571601da6774a1461060058

Осыған дейін Анджелина Джолидің салмағы 35 келіге дейін төмендеп, ауруға шалдығып қалғаны жайлы жазылған еді.

Қазақстандық боксшы қыз Зарина Цолоеваның да танымал актриса Джолиге ұқсайтындығы туралы ақпарат шыққан еді. Спортшы қыз мұндай пікірді өзі де көп еститінін айтқан.

main25295999_42cd9a77b42a6a69770e5e4e7ad6c126

“Бұған бұрын аса назар аудармайтынмын. Енді қазір журналистер хабарласып, спорттық мансабым туралы емес, Анджелинаға ұқсастығым туралы сұрай бастады”, – дейді 2016 жылғы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері.

Талқылау