Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та «Америкалыққа қазақша еттен ауыз тигіз» науқаны басталды (фото, видео)

АҚШ пен Қазақстанның арасындағы достықтың 25 жылдығының құрметіне АҚШ-тың Алматыдағы консулдығы АҚШ-та «Америкалыққа қазақша еттен ауыз тигіз» – #beshintheusa» науқаны басталды.

20150706150225 (1)

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Ұйымдастырушылар осы шараны Американың 50 штатында өткізуді жоспарлап отыр.

20150706150213

«Достар! АҚШ пен Қазақстан достығының 25 жылдығын мерекелеу аясында біз 2016 жылдың соңына дейін қазақша етті тамағын Американың барлық 50 штатында көргіміз келеді. Егер биыл АҚШ-та болсаңыз, #beshintheusa науқанына қосылыңыздар: америкалықтар мен қазақстандықтардың табақтағы қазақша етті суретке түсіріп [email protected] поштасына жіберіңіз. Фото түсірілген штатты атауды ұмытпай, оны инстаграмға жариялаңыз. Біздің мақсатымыз – жыл соңына қарай барлық 50 штатты қамту. Астарыңыз дәмді болсын! #beshintheusa», – делінген АҚШ-тың Алматыдағы Консулдығының Facebook-тегі ресми парақшасында.

20150706150144
Ұлттымыздың тағамы қазақша ет – қонақтарға табақпен тартылатын ең қадірлі тағамы.
Салмағы 700 келі болған ең үлкен қазақша етті 2015 жылдың 6 шілдесінде Астананың аспаздары әзірлеген. Айта кетейік, бұл Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.
«Бұл тағамды дайындауға шамамен 500 келіден астам ет, 300 келіге жуық пияз, 300 келі ұн сатып алынған болатын. Дегенмен Гиннес рекордтар кітабының талабы орындалғандықтан, олардың барлығы қазанға салынған жоқ. Нәтижесінде дайын болған еттің салмағы 750 келіге жуық болды. Бүгін Түркиядан арнайы келген Гиннес рекордтар кітабының өкілі осы тағамды өлшеп, рекордтар кітабына енгізді», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Шетелде жүрген қазақтар да достарына елінің басты тағамынан дәм таттыруға тырысып жүреді. Осылайша, «Астана» командасы «Дакар-2015» жарысы кезінде қатысушылар үшін дастархан жайып, онда қазақтың ұлттық тағамын дайындаған.

Талқылау