Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та алғаш рет АИТВ (ВИЧ) инфекциясы бар донордың бауыры науқасқа салынды

Америка дәрігерлері ВИЧ дертімен және иммун тапшылығымен ауыратын донордың бауырын ота жасап, науқасқа ауыстырды.

9873546ed88214e117c7676ce806fe72__520x310

Сурет: rusnovosti.ru 

Бұл 30 жылдан бері ВИЧ дертімен ауыратын донорлардың мүшесін ауыстыруға тыйым салынғаннан бері жасалған алғашқы ота.

Отаны Джон Хопкинс ауруханасының дәрігерлері Балтиморда осыдан екі апта бұрын жасады.

Сондай-ақ, сол донордың бүйрегін де тағы бір науқасқа ауыстырды. Қазір науқастың бірі ауруханадан жазылып шыққан. Екі науқас та өздерін жақсы сезінеді.

ВИЧ дертімен ауыратын донорлардың мүшесін ауыстыру отасы бұған дейін Британияда, ОңтүстікАмерика Республикасында жасалып келген. Ал, АҚШ-та 2013жылға мұндай отаны жасауға тыйым салынып келді.

Талқылау