Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та әлемдегі ең үлкен, салмағы 730 келілік шұлық тоқылды

АҚШ-та әлемдегі ең үлкен  рождестволық шұлық тоқылды. Ол алдағы сенбіде Фейетвилл қаласында көрсетіледі.

nosok

Мерекелік бұйымның  салмағы 730 келі тартады, ал алаңы шамамен 715 шаршы метрді құрайтыны хабарланып отыр.

Шұлықты 50 америкалық штаттан, 4 канадалық провинциядан және Ирландиядан тоқымашылар тоқыды.

Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері жаңа әлемдік жетістікті растады. Мерекелік бұйымды тоқуға жіпті Caron United компаниясы ұсынғаны атап өтіледі.  Сатудан түскен кірістің бөлігін олар қаза тапқан әскерилердің балаларына арналған стипендияға жұмсады, деп хабарлайды utro.ru.

Талқылау