Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та алаяқтық үшін ұсталған қазақстандық қыздардың біреуі босатылды

АҚШ-та ірі алаяқтық жасағандары үшін қамауға алынған қазақстандық қыздардың бірі Диора Аширова кепілдікпен босатылды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров хабарлады, деп жазады Stan.kz.

АҚШ-та алаяқтық үшін ұсталған қазақстандық қыздардың біреуі босатылды

Аширова және тағы екі қазақстандық азаматша сирек кездесетін көліктерді сатумен айналысу кезінде алаяқтық жасағандары үшін қамауға алынған болатын. Ұсталғандардың бірі Елена Құдайбергенова денсаулығына байланысты ешқайда кетпей туралы жазбаша міндеттемемен босатылды. Ал, бүгінде тағы бір қазақстандық азаматша кепілдікпен бостандыққа шықты.

«Осылайша, қазіргі уақытта тек бір қазақстандық азаматша Азиза Жалолов ғана қамауда отыр», – деп түсіндірді Айбек Смадияров.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Нью-Йорк штатындағы Оңтүстік округтің прокуратурасы құрамында Қазақстанның азаматтары бар адамдар тобын алаяқтық жасады деп, қамауға алған болатын.

«2018 жылы 8 тамызда бұл қылмыс бойынша айыпталғандарға қатысты  бірінші сот отырысы өтті. Біздің отандастарымызға ақша жымқыруда қылмыстық схемаға қатысы бар деген айып тағылды. Келесі тыңдалым 2018 жылдың қазан айына жоспарланды», – деп хабарлады ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық үш азаматша АҚШ-та сирек кездесетін көліктерді сату кезінде алаяқтық жасады деген күдікпен қамауға алынған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау