Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та әкесі видеоойын үшін екі жасар қызын өлтірді

АҚШ тұрғыны компьютермен ойнап отырған кезде оған кедергі келтіргені үшін 2 жасар қызын ұрып, соңында тұншықтырған.

gamer (1)

Сурет: aspekty.net 

Американың Техас штатында полицейлер қызын өлтірді деген күдікпен 31 жастағы ер адамды күдікке алды. Оқиға болар күні Энтони Майкл Сандерс әйелі көрмеге кеткенде екі баласымен үйінде қалған.

Кешке қарай әйелі үйіне оралғанда күйеуі мен 5 жастағы ұлы қонақ бөлмесінде отырған. Кейінірек үлкен ұлы балалар бөлмесінде жатқан қарындасын оята алмаған. Құтқарушылар қыз баланың өлгенін анықтаған.

Полицейлер сәбидің денесіндегі қанды ісіктерді байқаған соң оны әуелі ұрып, сосын тұншықтырған деген шешімге келді. Сонымен қатар нәрестенің арқасында үлкен адамның тісінің ізі байқалған. Қызды соңғы рет тірі күйінде әкесі көрген. Бала өліміне күдікті ретінде оның әкесі жауапқа алынды.

Тергеушілердің айтуынша, ер адам компьтерлік ойындар ойнауына кедергі келтірегені үшін  2 жасар қызын өлтірген. Әйелі күйеуінің компьютерлік ойындардың жанкүйері екенін, ойынды жан тәнімен беріліп ойнайтынын айтқан.

Ал, әкесі қызын өлтірмегенін, бөлмеге кіргенде қыздың өлі күйінде болғанын айтып бақты.

Талқылау