Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Ақ үйдің алдында 30 жыл пикетте тұрған әйел қайтыс болды

АҚШ-тың Вашингтондағы Ақ үйінің алдында 30 жылдан астам уақытын пикетте тұрып, биліктен бейбітшілік үшін күрес пен ядролық қарусыздануды талап етумен күн кешкен әйел қайтыс болдыі.

айеллл

 

Кончита Пиччотто есімді бұл әйел дүйсенбі күні көз жұмған. Бірақ оның нақты жасын ешкім білмейді, тек 80-ге жақындағаны ғана белгілі.

Ол 1960 жылы Испаниядан АҚШ-қа қоныс аударып келген. Содан кейін итальян жігітіне тұрмысқа шығып, бір қызды асырап алады. Алайда, кейін Пиччотто күйеуінің бала асырап алуда алаяқтыққа барғанын біліп қойып, одан ажырасады. Ал қыз бұрынғы күйеуінде қалады.

Кончита Пиччотто 1981 жылы бейбітшілік жолында күресушілер қозғалысына қосылады. Ол өзінің екі серіктесімен бірге АҚШ президенті резиденциясының солтүстік беттегі есігіне қарсы бете тұрған.

Дегенмен, олардың қарусыздануға шақырған көптеген петицияларының бірде-бірі конгресте қарала қоймайды. Сонымен бірге, Ақ үйдің полициясы мен күзеті бұлардың бейбіт түрде қарсылық ниетін білдіріп жатқанына кедергі де келтірмейді.

Алайда, заң бойынша, пикет жасаушы адамның бір өзін қалдыруға болмайтын еді. Сондықтан соңғы жылдары пікірлестерінен айрылған әйелдің жанына жас белсенділер келе бастады. Олар ұдайы бір-бірін алмастыратын еді, тек Кончита сол қалпы тұра берді.

Осы жылдары Пиччотто Вашингтонның өзіндік символдық бейнесіне айналып үлгерді. Оның қолына ұстап алған плакаттары қала тұрғындары мен туристердің көпшілігіне жақсы таныс еді.

Олар пикетші әйелдің жанына тұрып, суретке түсуге де құштар-тын. Кончита сондай-ақ «Фаренгейт 9/11» және «Пенсильвания авенюдің бақсысы» деп аталатын деректі фильмдерге де түсіп қалды.

Ол өле-өлгенше: «Менің осында тұруым керек. Бұл – менің өмірім» дегенді айтудан жалықпапты.

 

Талқылау