Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та 9 адам жабылып 3 жасар бүлдіршінді қорапқа қамап ұстаған (фото)

Желтоқсанның 14-і күні Чикаго қаласы Пуласки округінің полицейлері 3 жасар қызды қорапта қамап отырған отбасының үйіне басып кіреді. Осы оқиғадан кейін полицейлер бұл отбасындағы 9 адамды қамауға алады. Олардың бесеуі – жасөспірімдер.

огрн

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Аталған оқиғаға қатысты 18 жастағы Патрисия Микс, 42 жастағы Донна Шорт, 25 жастағы Кристофер Шорт жазаланбақ. Бұдан өзге тағы да 6 адам бүлдіршінді жәбірледі деген күдікке ілініп отыр.

Полицей Джеффри Ричвайн сейсенбі күні болған оқиғаның өзін есеңгіретіп тастағанын жасырмады. Мұны ол өмірінде көрген ең қатыгез оқиғалар қатарына жатқызды.

3B8EB2FA00000578-4054360-The_inside_of_the_box_contained_a_bed_sheet_a_mat_and_some_dead_-a-9_1482315471923

“Әлгі үйге бара жатқан кезде, ересек адамдар бүлдіршінді қинауы мүмкін емес деп ойладым. Қызды қорапқа қамап баққандары нағыз хайуандық. Тіпті, бұл оқиға туралы қылмыскерлердің өздерінің аузынан естіген кезде де сенгім келмеді. “Жаратқан қалайша осындайға жол берді екен?!” деген ой келді. Оның үстіне қорап тек сыртынан ашылады екен. Яғни бала өзінің туысқандарының қолынан қаза табуы мүмкін еді”, – дейді Джеффри Ричвайн.

3B8EA69800000578-4054360-Mugshot_of_Patrica_Meeks_one_of_the_three_year_old_girls_depende-m-1_1482321857297

Әзірге қамауға алынған жасөспірімдер босатылған. Оларға қатысты сот үкімінің қашан шығатыны белгісіз.


Жіберіп алмаңыз:

Студент банк қателесіп аударған $4,6 миллионды толықтай құртып жіберген (фото)

Кей адам туған кезде құлағының үстінде тесік болады – мұның себебі мынада

Австралиялық әйел 10 күн ішінде екі мәрте екіқабат болған

Адам денесін сергітетін 9 құбылыс (фото)

Талқылау