Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та 8 адам аттракционнан құлап жарақат алды

 АҚШ-тың Теннеси штатындағы саябақтардың бірінде аттракционнан  сегіз адам бірдей құлап, түрлі деңгейдегі  жарақат алды.

әткеншек

Бұл туралы Associated Press жазды.

Қайғылы оқиғаға Moonraker атрракционына отырғандар тап болған. Бұл желбесіктің өзі  адамдар белдік тағынғанымен жоға жылдамдықта бағытын өзгертіп айланады.

Саябақ басшылығы оқиға болмас бұрын аттракционның дабыл қаққышы іске қосылған. Бірақ оны қосып- өшіріп отырған оператор бірден шошып, дабыл қаққышты өшіріп тастап, әрі қарай жұмысын жалғастыра берген көрінеді.

Осының салдарынан екі ересек, алты бала биікте тұрған жерінен құлаған. Олар бірден ауруханаға жатқызылған. Олардың денсаулық жағдайы қазір қалыпты жағдайда екен.

 

Талқылау