Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та 7 баласынан айырылған ана тағы 4 сәбиді дүниеге әкелді

АҚШ-тың Пенсильвания штатында тұратын Круздар отбасы 2011 жылы тілсіз өрттен 7 бірдей баласынан айырылып қалған. Осындай қасіретті бастан кешсе де, қиындыққа мойымаған бұл отбасы соңғы бес жыл ішінде 4 бала өмірге әкелді. Қазір ерлі-зайыптылар 5-сәбиді күтіп отыр. 

ввв

Сурет: sn.kz

2011 жылдың наурыз айында болған. Өрт салдарынан Джаннель мен Тед Круздың сегіз баласының жетеуі қайтыс болды. Ол кезде ата-аналар шаруаларымен үйінен ұзап кеткен екен. Өрт жайлы оларға аман қалған 3 жасар қызы айтып барған.

«Бұл біз үшін өте ауыр жағдай болды. Әлі күнге дейін ұмыта алмаймыз. Бірақ, тірі адам тіршілігін істейді демекші, ары қарай өмір сүре бердік», – дейді көп балалы ана Джаннель Клуз. Жеті баласынан айырылған ана сұрағандарға 12 баланың анасымын деп жауап береді екен.

Талқылау