Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та 63 жастағы қоқыс жинаушы 22 жыл бойы адам өлтіріп келген

АҚШ соты 22 жыл қылмыс жасап келген Лос-Анжелестің қоқыс жинаушысы Лонни Франклинді кінәлі деп тапты. Күдікті ұсталғанға дейін, қылмыс Грим Слипер есімді маньякқа жазылып келген.

3c02c9ed875b2285ed4395c524916976 (1)

Сурет: www.kievpravda.com 

Полицейлер Франклинді өзге қылмыс бойынша құрықталған ұлының генетикалық материалы бойынша өлтірілген адамдардың денесіндегі ДНК іздері арқылы тауып ұстаған.

Сот отырысында 63 жастағы Франклин 10 қылмысқа кінәлі деп танылды. Ол өлтірген адамдардың ішінде 15 жастағы қыз бала да бары анықталды. Оған өлім жазасын беруі мүмкін.

Грим Слипер – америкалық белгісіз адам өлтіруші. Ол жас қара нәсілді әйелдерді өлтірген. Алғашқы адам өлімі 1985 жылы анықталған. Полицейлер үш жылдан кейін тағы бір жас қыздың денесі табылғанда қылмыскердің осындай 7 қылмысқа қатысы барын білген.  Қылмыскерді табу оңайға соқпаған. Адам өлтіру ісі 2007 жылға дейін жалғасқан.

Талқылау