Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та 25 жастағы қыз бұрынғы жігітінің атынан жалған аккаунт ашып өз-өзін қорқытқан

Оңтүстік Калифорния соты 25 жастағы Стефан Рене Лоусонды 1 жылға бас бостандығынан айырып, үш жылдық қоғамдық жұмысқа жекті.

nz1.ru_14806728152

Бұл туралы nz1.ru хабарлайды.

25 жастағы қыз жалған аккаунт арқылы өзінің бұрынғы жігітінің жолына тосқауыл қоймақшы болыпты. Ол жас жігітпен 10 ай бірге тұрған. Алайда жігіт өзін ұрғаны үшін, қызды үйден қуып шыққан.

Лоусон Фейсбук желісінде бұрынғы жігітінің атынан жалған парақша ашып, сосын өзіне қарай түрлі қорқытқан хабарламалар жібереді. Бұдан соң ол полицияға шағымданып, жігітін зорлады, ұрлап кетті, қорқытты деп айыптаған.

Зерттеу барысында барлық смс-хабарламаның Лоусонның IP-мекен-жайынан жолданғаны белгілі болады. Айыптауды жігіттен алып тастап, керісінше қыздың өзі кінәлі адамға айналады.

Оқи отырыңыз:

Тайғанақ аяқ киіммен не істеу керек. Құламау үшін 7 кеңес

Тұңғыш қытай ғарышкері аспан әлеміндегі тылсым дыбыс туралы айтып берді

Жапонияда тілалғыш және ақылды балаларды қалай тәрбиелейді?

Жолаушы қыз мас жүргізушінің орнына автобус айдады

Талқылау