Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақш-та 20 шақты адам концертте таратылған есірткі қосылған кәмпиттен уланды

Американың Огай штатында өткен  реп-фестиваль кезінде жиырмаға жуық адам уланып қалған. Бұл туралы жергілікті полиция өкілі хабарласқан.

кәмпит

Бұл туралы BBC басылымы жазды.

Батлер қаласында өткен EST 2016 концерті кезінде белгісіз азамат тамашалауға келгендерге кәмпит таратқан. Тұтынған адамдардың айтуынша кәмпиттің қабығы түрлі-түсті болған әрі оның сыртына белгілі фабриканың аты жазылған.

Таратылған әр қорапта 20 кәмпиттен болыпты. Оның құрамында есірткі қоспасы болған. Тәттіні тұтынған кезде адам психикасына бірден әсер етеді екен.

Округтік криминологиялық лаборатория басшысы  Ричленд Тони Тамбаско тәтті құрамына осыншама көп есірткі қосылған кәмпитті, бұрын соңды көрмегенін айтқан.

Оқиға орнына жедел жеткен дәрігерлер жағдайды бірден түсініп, адамдарға есірткіні шектен тыс қабылдап қойған кезде көрсетілетін көмек жасаған.

 

Талқылау